
Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, қалалық “Жастар ресурстық орталығымен” бірлесе ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 700-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа 135 азамат қаладағы ірі және шағын кәсіпорындарға жолдама алды. Атап айтқанда, «Алем БТ», «Azala Textile», «Гаухар тігін фабрикасы», «KURSI» ЖШС және т.б.
Тұрақты жұмысқа жолдама алған қала жастарының бірі – Шолпан Тулеген . Ол 2019 жылы Шымкент көпсалалы колледжінде «медбике» мамандығы бойынша білім алып, кейінен дәріханаларда провизор ретінде жұмыс жасады. Жәрмеңкеге келген қала тұрғыны дәл өзінің мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа жолдама алды.
— Бүгінгі жәрмеңке жайында ақпаратты әлеуметтік желі парақшасында көріп, қуана келдім. Жәрмеңкеге келген соң бос жұмыс орындары тізімін толық қарап,жұмыспен қамту орталығы мамандарының көмегімен өз мамандығым бойынша жұмыс орнын ұсынды. Осылайша, маған «Орталайн» ЖШС-ге жолдама берілді-дейді жәрмеңке қатысушысы.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі М.Әйтеновтің бекіткен «30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Солтүстік өңіріне қоныс аудару бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, 20-дан аса отбасы қызығушылық танытып отыр.
Айта кетсек, алдағы уақытта да жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты түрде қала аумағында ұйымдастырылады. Барлық сұрақтар бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімшелерінен қызмет алып, жүгінуге болады.