ШЫМКЕНТ: ҮЗДІК ПЕДАГОГ

Шымкентте «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Гульфайраз Ержанова үлгілі мұғалім ретінде ғана емес қоғамдық жұмыстарда да өзінің белсенділігімен танылған ұстаз.
Отыз жылға жуық жас ұрпаққа физикадан сабақ беріп келе жатқан ұстаз Шымкен қаласындағы №1 мектеп- гимназиясында қызмет атқарады.
Қызмет барысында Гульфайраз Дауренбекқызы өзін шығармашыл, компетентті және физика пәнінің теориялық, тәжірибелік негіздерін жақсы меңгерген жауапты педагог ретінде көрсете білді.
Тек қана ұстаз ретінде емес, директордың инновация жұмыстары бойынша орынбасары ретінде «Жетекші мектеп» аясында мектепішілік, қалалық, деңгейдегі семинарлар, конференциялар, тренингтер мен коучингтер ұйымдастырып келеді. Сонымен бірге, Әл-Фараби ауданы бойынша мектептердегі дебат қозғалысын үйлестіреді.
Гульфайраз Дауренбекқызы физика пәні бойынша облыстық олимпиадалардың және республикалық ҚИО олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады. 2016 жылы Түркияға еліміздің ең үздік ұстазы ретінде делегациясының мүшесі болып іс-сапарға жіберілді.
2020 жылы «Білім шыңы-Ғылым сыры» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Ең үздік пән мұғалімі» олимпиаданың физика пәні бойынша Гран При иегері болды.
Ол өз сабақтары барысында «шынайы рефлексия», «оқушы үні», «оқушылардың көтеріңкі көңіл күйі», «күтілетін нәтижелер», «өзара бағалау» деген қағиданы бірінші кезекке қояды. Мұндай қағида оқушының өз ойын еркін жеткізуге және тәуелсіз сараптама жасауға ықпал етеді.

Ұстаздың бүгінге дейін 45 шәкірті түрлі деңгейдегі байқауға қатысып, 15 оқушы республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *