Әлемдегі ең бірінші ел климатқа байланысты көшуге дайындала бастады

 

 

 

 

Океанияда орналасқан Тувалу аралдық мемлекетінің сыртқы істер министрі Саймон Коффи Lenta.ru сайтына егер штатты су басқан болса, оның тұрғындары көшуге мәжбүр болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Министрдің айтуынша, Тувалу билігі жаһандық жылынуға байланысты ең нашар сценарийді қарастыруда: аралдың аумағын Дүниежүзілік мұхит су басып, өмір сүруге жарамсыз болады.

Егер бұл орын алса, Тувалу климаттық апаттарға байланысты қоныс аударған әлемдегі алғашқы мемлекет болады. Бес мыңға жуық Тувалу тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп үлгерді. «Қазір бұл мемлекетіміздің жалпы халқының шамамен 50 пайызын құрайды», — деді Кофе.

Ел қазірдің өзінде осындай жағдайға дайындықты бастады, билік мәселені халықаралық құқық тұрғысынан шешуге тырысуда.

«Біз өз территориямыздан айырылсақ та, Тувалуды тану үшін елдерді табуға тырысамыз. Біз сонымен қатар басқа жерде болсақ та бірге әрекет етуді жалғастыру үшін цифрлық ұлтты құра алатын технологияларды талқылап жатырмыз. », — деді министр. Шаралардың бірі ретінде Тувалу тұрғындардың қызметтерді онлайн режимінде алуы үшін барлық процестерді цифрландыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Саймон Кофе Глазгодағы БҰҰ-ның Климат саммитіне (COP26) сөйлеген сөзін іскерлік костюмде тізеге дейін суда тұрып жазған.

Дүние жүзіне шашылған кадрлар штаттың астанасы орналасқан Фонгафале аралында түсірілген. Осылайша Тувалу билігі климатқа байланысты Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өзгеруі мәселесіне назар аудартқысы келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *