ТҮРКІСТАН: Мәслихат депутаттары қайырымдылық шараға үлес қосты

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров бастаған депутаттар корпусы құрамында Ғаппар Сәрсенбаев, Ғалымжан Худияров, Ақиқат Абдуллаев, Нұрсұлтан Жүсіпбаев қаладағы «Яссы» орталық мешітінде 30 тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шарасын жасады.

Сонымен қатар, шарада Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қадірболат Мұсағалиев, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Сәрсенбаев сөз сөйлеп, Мәуліт айындағы игілікті шараның жалғасы екенін, кеше ғана қаламызда 4 отбасыға баспана берілгенін айта келе, сол отбасыларға 4 дана соңғы үлгідегі теледидарды тарту етті.

Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Әрине, қай қоғам болмасын өз даму жолында игілікті істі айналып өтпесі хақ. Сондай жандарға көмек қолын созуды өздерінің азаматтық парызы деп санаған халық қалаулыларына тұрғындар өз алғыстарын білдіруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *