ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 40 отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады.
Тұрғындарға салтанатты жағдайда пәтер кілтін табыстап, мерекемен құттықтаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков:
— Бұл — тәуелсіздіктің игілігі, мемлекеттің қамқорлығы, егемендіктің бізге берген тартуы! — деп атап өтті.
Желтоқсан айының соңына дейін 610 пәтерді Түркістан қаласының тұрғын үйге мұқтаж отбасылар тізіміне тіркелген көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға санаттары бойынша кезек ретімен беру жоспарлануда. Оның ішінде, көп балалы отбасыға 470 пәтер, әлсіз топтағы отбасыларға 140 пәтер беріледі.
Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы несие жүйесімен сатылымға қойылды.
Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сонымен бірге жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *