ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӨГІЛДІР ОТЫН 40571 АБОНЕНТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

Түркістан облысы Түркістан қаласында 40571 абонентке табиғи газ қолжетімді.
Қазіргі таңда, қала көлемінде оның 34587-і көгілдір отынды пайдаланып отыр.
Пайдаланушыларды ашып айтар болсақ, 34036 жеке тұрғын үй, 81 әлеуметтік нысан, 435 кәсіпкерлік нысан және 35 көпқабатты тұрғын үй табиғи газ қолданып отқандарды құрайды.
Сонымен қатар, қала бойынша жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын жаңадан заңдастырған және жобаға енбей қалған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Аталған мақсатта жобалау сметалық құжаттар әзірленіп, жұмыс жобасы жүйелі жүзеге асырылуда.
Жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарын жасау үшін мердігер мекемені анықтау жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *