ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» атты әдеби- музыкалық композиция болып өтті. Іс- шараның құрметті қонақтары ҚР мәдениет қайраткері «Қазақстан жастар одағы» сыйлығының лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық байқауының тұңғыш лауреаты, әнші сазгер Елеуов Сауран Еркінбекұлы, «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының кансультанты Ануарбек Исабеков, әнші, сазгер Қаламқас Утеуова, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Мерсалимов Кеңесбек, «Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бас маманы Ибрагимова Дана Тәуелсіздік жайлы жылы лебіздерін білдіріп өтті. Кеш барысында кітапхана оқырмандары Тәуелсіздік туралы өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеп оқып, «Жаса Қазақстан», «Мен қазақпын» патриоттық әндерін орындады. Сонымен қатар 1991жылдан 2021 жылға дейінгі Тәуелсіздік шежіресіне тоқталып, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты көрініс көрсетілді және «Тәуелсіздік ел ұраны» атты әнді хормен шырқады. Кеш қонағы сазгер Сауран Еркінбекұлы «Апатайым анашым», «Біріншіге барамын» атты балаларға арналған әндерді керемет орындады және сазгер, әнші Қаламқас Утеуова жанды дауыста «Түркістан» әнін шырқап, Тәуелсіздікке арнаған төл туындысын мәнерлеп айтып берді. Мақсаты: Оқырмандарды Тәуелсіздік жолында жандарын құрбан еткен ата- бабалардың ерлігін, құрметтей білуге, Тәуелсіздіктің бәрінен қымбат бағалы екенін ұғындыруға, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктерімен таныстыру.
