Полицейлер Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлаймыз Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтың айтуынша, күдікті қылмыс дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға бағыт алған пойызға билет сатып алғандығы жөнінде ақпарат түскен кезде ақ, оны ұстау шаралары қолға алынған. Ал таңғы сағат 5:00 шамасында күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Күдіктінің жол сөмкесі тәркілену кезінде, ішінен 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет табылған. Ұсталған күдіктілерге он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатындығы айтылды.