ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕЖИССЕРДІҢ ФИЛЬМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛЬДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Штурм» фильмі 51-ші халықаралық Роттердам кинофестиваліндеге негізгі бағдарлама енді, деп хабарлайды Aimak.com.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Туынды Фильм Big Screen Competition байқауы аясында көрсетіледі, ал фестивальдің өзі 26 қаңтар мен 6 ақпан аралығында онлайн режимде өтеді.

Ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен жасалған фильмді ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген.
Және де фильмге «Қазақфильм», Cinerental киностудиясы мен әйгілі Nomad Stunts каскадерлері қатысқан.

Басты рөлде Александра Ревенка, Ким Дружинин, Азамат Нығманов ойнаған фильмнің сюжеті бойынша, Қаратастағы мектепті белгісіз біреулер басып алады. Олар балаларды кепілге алады, бірақ талап қоймайды.

Қарлы боран салдарынан байланыс ақауына байланысты жергілікті полиция қаладан қосымша күш сұрай алмайды. Ж ергілікті ұстаз Тазшы көмектің көпке дейін келмейтінін түсініп, балалары кепілде отырған ата-аналардан құралған шабуылшылар тобын жинайды. Түнде олар шабуылға қатысты мәселелерді шешіп, маңызды шешім қабылдауы керек.

Актерлік құрамды Берік Айтжанов, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Нұрбек Мұқышев, Еркен Ғұбашев және Ерден Телемісов сомдаған.

Аймақ ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *