Түркістан облысында 90 мың адам екпенің үшінші дозасын алды

Түркістан облысына Sputnik Lite вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды aimak.com.kz.

Ревакцинация үшін бір рет қолданылатын екпе Ресейде әзірленген. Өңірде 150 вакцина қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бүгінге дейін 90 мыңнан астам адам ревакцинация жасатқан. Қазір еліміз бойынша тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақта тұр. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 112 жағдай тіркелді. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 279 науқас ем қабылдап жатыр. Өткен аптадан бастап облыстағы бала саны 600-ден асатын 80 мектеп онлайн форматқа көшті. 1, 2 сынып оқушылары штаттық режимде білім алса, 3, 5 сыныптар үшін кезекші сыныптар ашылған. Жалпы өңірде 38 мыңға жуық бала екпе салдырған. Сонымен қатар ревакцинациялау жұмыстары ауыл, аудандарда да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, Сарыағаш ауданында екпе алуға міндетті 110 мың тұрғынның барлығы вакцинаның екі компонентін де толық алған.

Дәулет Тайрахунов, аудандық орталық ауруханана бас дәрігерінің орынбасары:

– Қазір халықтың вакцинаға деген көзқарасы оңтайланып келеді. Өйткені вакцина алғандар мен алмаған тұрғындардың арасындағы көрсеткіштерге орай екпе алғандардар көп ауырмайды. Сондықтанда қазір Pfizer вакцинациясы жүкті келіншектерге, 12-17 жастағы балаларға қарқынды салынып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы