2022 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыйтын студенттердің стипендиясы 20%, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15% — ға жоғарылайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлімдеген болатын, деп хабарлайды aimak.com.kz.

«Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20% өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін артады», деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.