Қазақстандық «Не кипишуй» командасы КВН-нің жоғарғы лигасына жолдама алды деп хабарлайды, aimak.com.kz тілшісі tengrinews.kz сайтыны сілтеме жасап.

«Мені командаға ерекшелік қосу үшін шақырды. Негізі, команда мүшелерінің көпшілігі орыс тілінде акцентсіз сөйлейді, ал мен орыс тілін жақсы білмеймін. «Не кипишуй» командасы Қазақстандағы КВН жоғары лигасының чемпионы. 2020 жылдың чемпиондары. Соған байланысты оларды Сочиге жіберген, 2021 жылы бірінші лигаға жолдама алды. Алдымен жоғарғы лига, содан кейін Премьер-лига және үшінші маңыздылық жағынан — бірінші лига. Біз бірінші лиганың 2021 жылғы чемпионымыз. Уфа қаласында олар жеңіске жетті. Мен командаға 1/8 финалда қосылдым. Бірінші лиганың бүкіл 27 жылдық тарихында қазақтар бірінші рет жеңіске жетті», — деді Ернар Сақыпов.
«Бірінші турда олар «Күн үздігі» болды. Бұған дейін де бірде-бір қазақстандық команда «Күн үздігі» болмаған екен. Екінші турда сценарийді 70 пайызға қайта жазып, сол жерден бізді жоғарғы лигаға шығарды. Жоспар көп, бұл қарапайым естіледі, бірақ жоғарғы лигада жеңіске жетуді қалаймыз. Қазір демеуші мәселесі туындап тұр. Мәдениет және спорт министрлігі қолдаса жақсы болар еді. Біз өз қаржымызға шығып жүрміз», — деді Ернар.
Мәдениет және спорт министірлігінен қолдау күткен чемпиондар, 17 ақпан күні Мәскеудегі Ресей армиясының орталық академиялық театры сахнасында командалық өнер көрсетеді.