СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЛЕКЦИЯЛАР ОНЛАЙН ӨТЕДІ

Елде карантин талаптары жеңілдетіледі. Денсаулық сақтау министрі бүгінгі үкімет отырысында осылай деді. Енді «Ашық» қосымшасында «жасыл» және «көк мәртебесі» барлар кез келген орынға еш кедергісіз кіре алады. Бірақ санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска кию міндетті. Сосын 600 орынға шақталған мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Бастауыш сынып оқушылары да қалыпты режимде білім алады. Ал студенттер лекцияларды онлайн тыңдайды. Қалған сабақтарға қатыса беруге рұқсат берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *