ҚАРАҒАНДЫДА БАЛЫҚ АУЛАҒАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

Қарағанды облысында ұсталған браконьерден 200 келіге жуық балық тәркіленді, деп хабарлайды aimak.com.kz тілшісі Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Балқаш көлі маңында рейдтік іс-шара өткізу кезінде су қоймасының жағасында келе жатқан көлікті байқаған.

Полицейлер Алматы облысының 38 жастағы тұрғынының басқарған автокөлікті тоқтатқан кезде көлік салонын балық аулау құралдары, сондай-ақ 200 келіге жуық әртүрлі жаңа ауланған балық тәркіленген.

Келтірілген шығын сомасы 961 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *