ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, 27 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 05:31-де жер сілкінісі тіркелді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 436 км қашықтықта, Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалы класы — 10. Магнитудасы MPV — 4.5. Тереңдігі — 5 км.