Бүгін сенатор Андрей Лукин осындай ұсыныс жасап, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды aimak.com.kz тілшісі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы 3 жылда Қазақстанда 550 мыңға жуық қылмыс жасалған. 600 жағдайда қару-жарақ қолданылған. Оның 88 проценті заңсыз айналымда болғаны анықталды. Қаңтар оқиғалары кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне, шабуыл жасалған. Осы орайда депутат осындай орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігін атап өтті.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: – Атыс қаруының айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы тұру мақсатында травматикалық, пневматикалық, аңшылық қарулар мен олардың негізгі бөліктерін контрабандалық жолмен әкелгендерге, тегіс ұңғылы тіркелмеген қарудың заңсыз айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізу керек. Сонымен қатар қару-жарақты сататын орындарға техникалық талаптарды күшейту қажет.