КАКА ҚАЗАҚСТАН – УКРАИНА МАТЧЫ ТУРАЛЫ ОЙЫН АЙТТЫ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Украинаға қарсы алдағы матч туралы пікірін айтты.

«Украина ешқашан берілмейтінін, көп гол жібермегенін білеміз. Олар – физикалық тұрғыда өте мықты команда, сондықтан бізге оңай болмасы анық», — деп келтірді Каканың сөзін УЕФА ресми сайты.
Қазақстан – Украина матчы 1 ақпанға қараған түні өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *