LUFTHANSA НЕМІС ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА РЕЙСТЕРІН ҚАЙТА БАСТАДЫ

Ағымдағы жылғы 7 ақпаннан бастап Lufthansa неміс әуе компаниясы А330 әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды aimak.com.kz.

Франкфурт — Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы — Нұр-Сұлтан — Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *