Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Бейжіңде Олимпиада алдындағы жаттығулардың қалай өтіп жатқаны туралы айтты.
— Жаттығу циклі алдыңғы күні басталды, іске бірден кірісіп кеттік. Бүгін ресми жарыс алдында 1000 метрге жүгіремін.
Атмосфера, шынымды айтсам, алаңдатады, барлық жерде бетпердемен жүру керек (тіпті көшеде де). Осы жағы ыңғайсыз. Бірақ жалпы бізде бәрі жақсы. Жоспар бойынша дайындалудамыз.
Арена керемет, өте әдемі. Түстері де көзге жағымды. Мұз тайғақ, жарыс басталғанға дейін жақсарады деген үміттеміз, — деп бөлісті спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар Олимпиада ойындарында 5 ақпанда Бейжің ұлттық конькимен жүгіру стадионында басталады.