
Музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы, музыкалық шығарма – әннің адам бойына етер әсері қандай?
Жалпы ән — шығу тегіне байланысты халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни және орындалуы мен құрылымына байланысты жеке дауысты, көп дауысты болып бөлінеді.
Абай атамыз айтқандай, құлақтан кіріп бойды алатын әуез қазірде өміріміздің бір бөлшегіне айналған десек те болады.
Ән бірінші адамның жүрек соғысын реттейді. Адам ән арқылы шер тарқатады және көңілсізденуі де мүмкін.
Көңіл жайландыратын баяу әннен дене жайбарақат күйге түседі. Ол бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына оң әсер етеді. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай және де ұйықтар алдында баяу ойналатын әндер тыңдаса іштегі нәресте мінезі жұмсақ, мейірімді, сабырлы болатыны дәлелденген.
Одан бөлек, түрлі жанрдағы музыка адамның психологиялық, физиологиялық болмысына белгілі бір әсерін тигізетіні анықталған.
Әйткенмен, адам психоэмоциясына сәйкес келетін әнді тыңдаса, онда гармониялық әсерге бөленеді. Ал, егер гармония жоқ болса адамның денсаулығы үшін пайдасыз.
Әрбір музыкалық аспап адам организміне әрқалай әсер етеді.
Мәселен, фортепиано – бүйректің жұмысын қалпына келтіруге, несеп жолдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі. Және миды тыныштандыратын қасиеті бар.
Гитара, арфа, скрипка тәрізді ішекті аспаптар жүрек қан-тамырлары жұмысын қалыпқа келтірсе, үрмелі аспаптар тыныс жолдарының жұмысын, өкпе мен бронхитті тазаруына, қан айналымының реттелуіне септігін тигізеді.
Ғалымдар бірқатар эксперимент жүргізу барысында классикалық музыка тыңдаған науқастар ауруынан ертерек айыққанын байқаған. Сонымен қатар, оның ревматизмді емдейтін қасиеті де бар. Әсіресе ревматизмді емдеуде Моцарт, Вивальди, Григ, Бетховен, Шуберт, Шуман, Чайковский және Дебюсси сынды ұлы композиторлардың туындыларының әсері әлі де терең зерттелуде.
Дегенмен, құлақтан кіріп бойды алған әннің әр адам үшін түрлі естеліктер сыйлайтыны анық,
Аймақ ақпарат