
Қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан Паралимпиада ойындарының финалына шықты. Ол сәрсенбі күні Чжанцзякоу қаласындағы шаңғы спорты ұлттық орталығында өткен жартылай финалда екінші келді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда 3 минут 26,3 секунд көрсеткішпен екінші болды. Онымен қатар қытайлық шаңғышы Цай Джун мен неміс М.Майер де финалға шықты.
Сәрсенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:13) өтетін ақтық сында Александр Герлиц шаңғы жарысының фавориттері – Қытай, Украина, Франция және Германия спортшыларымен жеңіс тұғырындағы орындар үшін таласады.