ТҮРКІСТАН: ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖОҒАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСА НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысындағы Отырар ауданында  жетінші шақырылымдағы  аудандық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Сессияның қарауына Отырар ауданының мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №11/61-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және Отырар ауданының мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы №3/11-VIІ «Отырар ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы мәселелер енгізіліп, қаралды.
Сессияда көтерілген мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында пысықталып, жан-жақты талқыланғандықтан сессияда халық қалаулылары бірауыздан шешім қабылдады.
Сессияда сөз алған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауданымыздың даму бағдарламасында сай жұмыстарды жүйелі атқарудың маңыздылығын атап өтті. Ең алдымен қажеттілігі аса жоғары мәселелерге баса назар аудару керектігін айтқан аудан басшысы нәзік жанды депуттаттарды көктемнің шуақты күндерімен қатар келген аналар мейрамымен құттықтап, ауданның әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға қосқан еңбектері үшін шынайы алғысын жеткізді.
Өз кезегінде сессия төрағасы аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов та қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенділік танытып жүрген аруларды мерекемен құттықтап, арнайы Алғыс хаттарын табыстап, гүл шоқтарын сыйлады.
Жиын соңында асқаралы 60 жасқа толып отырған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерман Дайрабаевқа құрмет көрсетіліп, аудандық кәсіподақдық «Ел Құрметі» төсбелгісі табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *