«ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Республикамыздың барлық өңірлерінде 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған орай, аталған акциясы аясында бүгін Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері және Отырар аудандық полиция бөлімі, аудандық ақсақалдар алқасының қатысуымен жиын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық қатынастар саласында орын алуы ықтимал құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығарып, ерекше талап белгілеу. Сондай-ақ, профилактикалық есепте тұратын адамдармен тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Бүгінгі «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында, ауданымызда профилактикалық шаралар жүріп жатқандығы қозғалды.
Сонымен қатар, Тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға өкілетті орган мамандары жауап беріп, осы іс-шара аясында аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен тәрбиесіне оң ықпал ету мақсатында ішімдікке бейім азаматтарды қоғамдық кеңеске салу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *