Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жекелеген елді мекендердің ортақ жайылымын ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысындағы Ордабасы ауданы әкімдігімен Ордабасы ауданы прокуратурасы бірлесе отырып, аудан көлеміндегі Бадам, Бөржар, Қажымұқан, Жеңіс, Қараспан, Төрткөл ауыл округітеріндегі елді мекендердің іргесінде орналасқан жалпы көлемі 4515,61 гектар жайылымдық жер учаскелерін пайдаланушы 20 жеке және заңды тұлғалардың жайылымдық жер учаскелері анықталды.
Аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан жер иеленушілермен келіссөздер жүргізілу нәтижесінде жалпы көлемі 490,0 гектар жайылымдық жер учаскесі, Ордабасы ауданы әкімдігінің 28.02.2022 жылғы №82 санды қаулысымен ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.
Сонымен қатар, қосымша келіссөздер нәтижесінде 3 жер пайдаланушының 512,84 гектар және ұсыныстан тыс жалпы көлемі 330,0 гектар 2 жер иеленушінің жерді өз еркімен қайтару өтініші қаралып, алдағы уақытта Заң аясында аудандық арнайы жер қорына қайтарылатын болады.
Нәтижесінде, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған жайылымдық жер учаскелері, аудан көлеміндегі жекелеген елді мекендердің ортақ жайылымына, тұрғылықты ауыл округі әкімі аппаратының теңгеріміне түпкілікті бекітіліп берілетін болады.
