«NAURYZ IN TURKISTAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР ФОРУМЫ АШЫЛДЫ

Бүгін «Qazaqstan A. la prima» форумдары сериясының аясында Түркістан қаласы «Farab library» кітапханасында «Nauryz in Turkistan» Халықаралық суретшілер форумы ашылды.

Қазақстан Республикасының суретшілер одағының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара наурыздың 16 — 29 күндері аралығында жалғасады.

Жобаға Армения, Польша, Түркия, Германия, Нидерланд, Россия, АҚШ, Өзбекстан, Бурятия, Қазақстан сынды түрлі елдердің 20-ға жуық танымал кәсіби суретшілері, өнертанушылары, талантты шеберлері, көптеген халықаралық симпозиумдар мен форумдардың қатысушыларының резиденция шығармашылығы ұсынылуда.

Атаулы шарада белгілі қылқалам шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген суретші, ҚР суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан – сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен. Еуропа мен Азияны тоғыстырып жатқан Ұлы жібек жолының күретамыры. Осынау киелі өлкеде қылқалам шеберлерінің ақ парағына айшықталып, боялатындай асыл қазыналарымыз мол. Әр елден келген суретшілерге осы баға жетпес байлығымыздың тылсымын зерттеп, тұңғиығына бойлап, кенебіне құнды, ғажайып картиналар салуына тілектеспіз!

 

Тілеубек БАТЫС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *