Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Boxingnews.jp порталына берген сұхбатында WBA Super белбеуіне ие Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқас алдында қандай күйде екенін айтты.
Бұл жекпе-жек 9 сәуір Жапонияда өтеді.
— Қазіргі күйіңіз қандай?
— Тамаша, өзімді қуатты сезінемін.
— Сіз — панчерсіз, соққыларыңыз қарсыласқа зиян келтіреді. Мұндай күш қайдан?
— Бұл табиғи қасиетім.
— Жанынан ұратын қысқа соққыңыз да өте жақсы. Оған ұзақ машықтанғансыз ба?
Бұл ұзақ жылғы жаттығудың нәтижесі, бокспен шұғылданғалы бері машықтанып келемін. Қазір оны автоматты түрде жасай аламын.
Сондай-ақ Головкин Instagram-да жекпе-жекке дайындықтың видеосын жариялап, оған «Бір күнім жаттығусыз өтпейді» деген жазба қалдырды.