
Қазығұрт аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясының кезекті отырысы Тұрбат ауыл округінде өткізілді.
Қызылдихан жалпы орта мектебінде өткізілген жиынға Тұрбат ауыл округінің халқы, оның ішінде әкелер мектебі, әжелер алқасы, ата-ана комитеті мүшелері, Қызылдихан, Т.Тула, Ш.Қалдаяқов, Еңбек, Жаңатірлік мектептерінің ұжымы қатысты.
Келелі жиында бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі, құқықбұзушылықтың алдын алу, суицид мәселесі және Қызылдихан жалпы орта мектебінің есебі тыңдалды.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.