САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

ҚР Президентінің жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында, М.Отаршиев алдымен Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы тоқталып, одан соң Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Кездесу барысында, тұрғындардың басым бөлігі табиғи газ, ортақ жайылымға жер беру, электр желілерін жаңарту, ауыз сумен қамту, аяқ жол салу, жарықтандыру, «Қаратас» каналын бетондау, дәрігерлік емхана салу және ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселелері туралы өтініштерін жеткізді.

Өз кезегінде аудан басшысы Ақниет, Қанағат және Жонарық елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Биылғы жылы Қанағат және Жонарық елді мекендерінің құрылысына қаржы бөлінді, ал Ақниет елді мекеніне қаржы бөлдіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, биылғы жылы Тасқұлақ, Зах және Тыңтөбе елді мекендерінде жалпы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал Жонарық елді мекеніндегі жаңадан салынған 90 тұрғын үйді табиғи газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға тапсырылған. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық салалық басқармаға ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, кездесуден кейін аудан басшысы ауылдық округ тұрғындарын жеке өтініштері бойынша да арнайы қабылдады. Қабылдауға алдын-ала жазылған тұрғындардың ағын су, мектепке баратын жолға аяқ жол салу, электр желілерін жаңарту және республикалық маңызы бар жол бойына бағдаршам орнату бойынша өтініштерін тыңдап, тұрғындар көтерген шағым-өтініштерге заң аясында жауап берді. Аудан басшысы тұрғындарды қабылдау барысында ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына әрбір өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *