КЕНТАУ: СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАППАҚ

Қаладағы «Шұғыла» мөлтек ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде ағын су мәселесі көтерілген болатын. Онда тұрғындар үнемі ауыз су тоқтап, қиындық тудыратынын жеткізген.
Мамандар аталмыш аймақтың су жүйесінде сапасыз жүргізілген жұмыс салдарынан тұрғындарға су беруде жиі ақаулар орын алатынын айтқан.
Қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындарының өтініші бойынша мердігер мекеме өкілдерімен кездесу өткізді. Сапасы төмен жұмыстардың салдарын реттеп, 1-2 апта көлемінде су және кәріз жүйелерінің жұмысын жақсартуды тапсырды. Мамыр айының соңына дейін мердігер мекеме тарапынан 17 метрді құрайтын су құбыры жүргізіліп, су мәселесі шешімін таппақ.
Құрылыс жұмыстарын жүргізетін «Корпорация Ақ Ордасы» ЖШС-гі. Қалпына келтіру жұмыстары қала әкімінің жіті бақылауында болады.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *