
2022 жыл 24 сәуір күнгі жауынның салдарын анықтау жұмыстары жүргізу бойынша аудан әкімі А.Абдуллаев бастап, төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылып, Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтегі орын алған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан болған суларды мотопомпа арқылы шығару жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Арман Айдарұлы Қақпақ ауыл округі Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсенгір елді мекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша арнайы төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге мотопомпа арқылы су шығару жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Шанақ ауыл округі Шанақ елді мекеніне сай-саладан келген судың салдарынан аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов бастап арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарылып, су кірген үйлерге мотопомпа арқылы су шығару жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауыл округ әкімдері әрбір елді мекендерді аралау барысында алдын ала төмендегі жайттар анықталды.Сарапхана ауыл округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекеніне сел өткен, Сарапхана елді мекенінде 200-дей малдың шығыны болған.Қақпақ елді мекенінде 200 жуық (қой, ешкі) малдың шығыны болған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсенгір елді мекеніне 12 үйге су кірген.
Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің парақшасы