САУРАН АУДАНЫНДА СЕНБІЛІКТЕ 250 ТОННА ҚОҚЫС ТАЗАРТЫЛДЫ

Сауран ауданында бір күнде 5 сенбілік өтіп, ауылдық округтер мен туристік аймақтар қоқыстан тазартылды. Аудандағы тазалықты сақтап, демалыс орындары мен туристік нысандарды күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарына аудан әкімшілігі мен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлерімен қоса ауыл тұрғындары да белсене қатысты.

Сенбілік барысында 2700 түп ағаш егіліп, 5 мыңға жуық ағаш әктелді.

Сондай-ақ, тазалық жұмыстарында аудан бойынша 248 тонна қоқыс шығарылды.

Аудан көлемінде өткен сенбілікке 2 мыңға жуық адам мен 121 техника жұмылдырылды.

 

Аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, ауданымыздың көркейіп, көгалдануына үлес қосуға шақырамыз! Ауылдың тазалығы ауланың тазалығынан басталады.

 

Сауран аудандық полиция бөлімі мен жергілікті әкімшілік қызметкері іс-шара бойынша бірлесе жұмыстар жүргізіп, бүгінгі таңға дейін 50 азаматқа 382 875 теңге айыппұлдар салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *