Болашақ қарилар бақ сынасты

Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы мешітте болашақ қарилар бақ сынасты. Құран Кәрім мен азанды жатқа айтқан жарысқа 17 жасқа дейінгі 50-ге жуық қала мешіттерінде дәріс алып жатқан шәкірттер қатысты. Азан мен отзыншы параны ойға тоқыған оқушылар өзара озаттарын анықтады.


Атап айтсақ, азан айтудан жарыста Алтынбек Бекболат алдына жан салмай І орынға қол жеткізсе, ІІ орын Мұрат Атаханов, ІІІ орынды Нажибулла Нуруллаұлы иеленді. Сонымен қатар, Құран сөзін жатқа айтудан ІІІ орынды Атабек Мұсаевқа алса, ІІ орынды Нұрбакыт Шүкірбаев иеленді. І орын Бексұлтан Төлегенге бұйырды.

Аталмыш мешіттің жамағаты демеушілік жасаған қалалық сайыс соңында жеңімпаздарға алғыс хатпен қаржылай сый-сияпаттар үлестірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *