ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НҰРЖАН АСЫЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Темірландағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда ішкі істер органдарының ардагерлері арасында Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай және өмірден өткен әріптестері Нұржан Асыловты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, отставкадағы милиция полковнигі Құдияр Ибраев, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов сөз алып, турнирді ашып берді. Олар Н.Асыловтың өмір жолына тоқталып, оның қалдырған өнегесі кейінгі ұрпақ үшін үлгі екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, оның қызмет саласындағы жетістіктерін айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан бөлек маңызы зор шараға Ордабасы АПБ-ның ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Ғалымжан Сыздықов, команда құрамын басқарып келген, яғни Созақ, Бәйдібек, Отырар, Арыс АПБ-ның ардагерлері, Н.Асыловтың әкесі Дәрмекбай қария қатысты. Жарыс ұйымдастырушылары қатысушыларға алғыстарын айтты. Осыдан соң аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев бірқатар ардагерлерді алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ, Ордабасы АПБ бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Маханбетов қылмыстың алдын алуда қырағылық танытқан бірқатар полиция қызметкерлерге марапаттарын табыстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *