ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Аудан көлемінде жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен “Жарық-жол” КММ тарапынан жол белгілері, бағдаршам, түнгі жарық, жол кедергілері және бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда төмендегі жұмыстар атқарылуда биыл 2022 жылы:
— 526 дана жол белгілері орнатылады.
— Ленгір қаласындағы 5 көшеге 13,4 шқ құрайтын көктемгі жол сызығы сызылды күз мезгілінде бұл жұмыстар 2-ші рет жүргізілетін болады.
— 1140 м2 жаяу жүргіншілер өткелін (зебра) сызу жұмыстары жүргізіледі.
— Ленгер қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысы және Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Үшетай, Д.Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылатын болады.
— Ленгер қаласы бойынша 5 көшеге және 13 елді мекенге жалпы 39,5 шқ түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіледі.
— Ауданда — 67 мектептің алдына және аудандық полиция бөлімінің ұйғарымы негізінде 29 мекен-жайға жол кедергілері орнатылды, жыл соңына дейін бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
— Жалпы 23 мекен-жайға 46 бейнебақылау камерасы орнатылды. (Ленгер қаласында-33, Киелітас ауылдық округінде-9, Алатау ауылдық округінде-2, Бірінші Мамыр ауылдық округінде-2) Нысан 2021 жылы басталып 2022 жылы 31-інші желтоқсанына дейін толығымен іске қосылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *