АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА “ЖасSTAR” ЖОБАСЫ

Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, жастар арасындағы мәдениетті дамытуға жәрдемдесу, жас дарындардың шығармашылығын дәріптеу, достық қарым-қатынас орнату және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ЖасSTAR» жобасының ашылуы өтті. Жоба барысында жиналған тұрғындар тек ән тыңдап, билеп қана қоймай, қызықты жайдарман ойынын тамашалады.
«Жеті Жарғы» қоғамдық қоры жобасы аясында «Open air» форматында мотивациялық фестивалінің ұйымдастырушысы Алтынай Альжанова жобаға қатысушылар және аудан тұрғындары арасында билеттер таратып, таңдалған билет нөмеріне қарай сыйлықтар үлестірді.
Аталған жоба жаз маусымында аптасына бір рет ұйымдастырылатын болады. Жоба аясында жаз маусымы аралығында спорттық сайыстар, мерекелік кештер, интелектуалдық ойындар, караоке, отандық филмдер жастарға ұйымдастырылатын болады.
Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі — қазақстандықтарды қолдауға және дамытуға бағытталған жарқын жобаларының бірі. Жыл сайын оған Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жақын және алыс шетелден келген  спикерлер қатысады. Бірнеше жыл бойы олар еліміздің шығармашыл жастарымен өз тәжірибелерімен және дағдыларымен бөлісіп отырды.
Жоба мәдениет және креативтік индустрия саласында бірқатар жас маман саңлақтарын өсіріп-тәрбиеледі. Фестивальдің арқасында көптеген қатысушылар кәсіби өнер әлеміне жол ашты. Ал жоба Қазақстанның дарынды жастарын жиналатын орталығына және оңтүстік астананың визиттік белгісіне айналды.
Шығармашылық энергиясы – адам өркениетінің негізгі қозғалтқыш күші. Жастардың шығармашылық энергиясы – елдің табысты дамуының кепілі, оның болашақ энергиясы. «ЖасSTAR» фестивалі өтетін ашық демонстрациялық диалог алаңы мәдениет пен өнер қайраткерлерінің Қазақстанның шығармашыл жастарымен өзара іс-әрекет етуіне және тәжірибе алмасуына жағдай жасайды. «ЖасSTAR» фестивалі жаңа идеялар туындайтын, шабыт, шығармашылыққа және жасампаздыққа құштарлық әкелетін орны. Ол жыл сайынғы пір тұтатын және есімдері аңызға айналған кино, театр, әдебиет, музыка, көркем сурет қайраткерлерімен бейресми қарым-қатынас орнататын қуанышты мереке.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *