ҚАЛАНЫ КӨГАЛДАНДЫРУДАҒЫ ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТЕР

Кентау қаласын абаттандыру және көгалдандыру бойынша күнделікті тынымсыз жұмыстар атқарылуда. Яғни, жасыл желектер мен талдарды суғару, шөптерді қырқу, талдарды әктеу, әрлеу, саябақтарды қалыпқа келтіру, аллеялардағы орындықтарды ретке келтіру жұмыстары.
Дәл қәзіргі таңда, 5 жұмысшы Абай даңғылында, Яссауи-Аль-Фараби көшелері арасындағы шөптерді оруда.
8 адам қала аумағын талдарды суғаруда. 3 адам арнайы көлікпен өтініштерге сәйкес, ағаштарды қырқуда. Аталмыш жұмыстар қаладағы Ю.Гагарин, Б.Тоқтаров және А.Пушкин көшелерінде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, 3 адам арнайы көлікпен өтініштерге сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жарық шамдарын ретке келтіруде. Атап айтқанда, А.Навои, М.Шоқай, М.Әуезов көшелеріндегі аулалар.
3 жұмысшы арнайы көлікпен қаладағы Көктөбе мен Жасыл аймақ аумағындағы қоқыстарды жинақтап алып кету жұмыстарын атқарса, 3 адам «С.Қожанов», «Жастар саябағы», «Кеншілер» саябағындағы қоқыстарды жинақтап алып тастау жұмыстарын атқаруда.
Сондай-ақ бірқатар жұмысшы қала аумағындағы С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, Д.Қонаев даңғылдарындағы кустарниктерді ретке келтіру, аллеяларды қоқыстан тазарту және жинау жұмыстарын атқаруда. 2 жұмысшы қала аумағындағы және саябақтардағы су бұрқақтарын тазалап, ретке келтіруде. Жалпы, бүгінгі көгалдандыру жұмыстарымен 60-қа жуық адам айналысуда. Бұл жұмыстар күнделікті өз ретімен жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *