
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңгіріне пресс-тур ұйымдастырылды. «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің паркінің қорғау аймағындағы Боралдай тауының Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде 48 000 жыл бұрынғы тіршілік анықталды. Үңгірден алынған топырақ пен күл қалдықтарын бұған дейін ғалымдар 41 000 жыл деп топшыласа, Германияда жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде 48 000 жылдық тарихы нақтыланды. Бұл көрсеткіш әлемдік сенсациялық жаңалық, әрі қазақ археологтарының нағыз ғылыми жетістігі деуге болады. Оған себеп, ерте дәуірдегі топырақ қалдықтарының жасын цифрландыру тәжірибесі әлемде ең алғаш рет жүзеге асты. Ғылыми жаңалықтың нәтижесіне қол жеткізу бір жыл бойы жүргізілді.
Сондай-ақ, бұған дейін Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында тас құралдары мен қырғыштар, адамның жақ сүйегі табылған болатын. Жақ сүйек алғашқы адам болуы да мүмкін. Биылғы зерттеу нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылысқа тән адамның бас сүйек бөліктері, оның ішінде азу тісі және аюдың тісі мен өзге де аңдардың қаңқа қалдықтары анықталған.

-«Тұттыбұлақ үңгіріндегі зерттеу жұмысы 1959 жылы басталған. Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі, ғалым Хасан Алпысбаев бұл үңгірді тапқанымен жалғыз өзі қазуға мүмкін болмады. 2018 жылы «Palaesilkroad» жобасы аясында Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде күлдің қалдығы, тас құралдар және адамның жақ сүйегі табылды. Жақ сүйек алғашқы адам болуы да мүмкін. Қазіргі таңда жақ сүйек Германиядағы зертханада анықталуда. Ал, күлдің қалдығына қарап ошақ пен отты пайдаланған адамзат баласының сол кезеңде осы жерде де тіршілік еткенін айтуға болады. Бір қуанарлығы, әлемдік сенсация деуге де әбден болады, кеше Германия зертханасынан күлдің қалдығы 48 000 жылдық екендігі нақтыланды. Тұттыбұлақ Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыс адамдары тіршілік еткен ең көне үңгір екені анықталып отыр. Бұл әзірге нақтысы ғана. Әрі қарай зерттеген сайын одан да терең сенсациялық табыстарға қол жеткізуіміз мүмкін»,-деді Жәкен Таймағамбетов.
Бұған дейін де бірқатар әлемдік деңгейдегі экспедицияларға қатысып, ғылыми жаңалықтардың ашылуына атсалысып жүрген Германиядағы Тюбинген университетінің докторы Раду Йовита соңғы кездері Орталық Азияға қызығушылығы арта бастағанын айтады.

— «Үңгірлерді зерттеу біз үшін өте маңызды. Үңгірлерде адам мен жан-жануар қалдықтары жақсы сақталады. Біз сол жерден алынған үлгілер арқылы ДНҚ-сараптама жасаймыз. Осылайша онда қандай адамдар өмір сүргенін анықтаймыз. Қазақстандағы үңгірлер қаншама тарихи орындарды қойнауына жасырып жатыр. Бір ғана Қаратау жотасының әрбір тасы тұнған тарих»,-дейді германиялық археолог Раду Йовита.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми-зерттеу орталығы бірнеше жылдан бері табанды еңбек етіп келеді. Нәтижесінде көптеген ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік сенсациялық жаңалықтарға жол ашты. ҚР Ұлттық музейі мен Германияның Тюбинген университетімен жасалған халықаралық келісім-шарт негізінде 2017 жылдан бері «Palaesilkroad» жобасы бойынша Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру мақсатында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының қосалқы жетекшісі – музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс , қазақ-жапон халықаралық экспедициялары Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз боп келген палеолит дәуіріне тиесілі 85 үңгір анықтаған болатын. Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызәлиев тарихи-киелі орындарға бай ауданның туристік бағыты алдағы уақытта тағы да бір жаңа орынмен толығатынына сенім білдірді.
-«Бәйдібек ауданында Бәйдібек ата, Домалақ ана, Қос ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі сынды тарихи орындар елімізбен қатар алыс-жақын шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудыратыны жасырын емес. Тұттыбұлақ үңгірі де болашақта алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының тыныс-тіршілігі мен жүріп өткен жолдарын нақты деректермен танытуға лайық орын ретінде өз келушілерін тартады деп ойлаймын. Бұл жоспар болашақтың еншісінде. Ғалымдар зерттеу жұмыстарын толық аяқтап, ғылыми деректерге көптеп қол жеткізген соң музейлендіру жобасы жүзеге асады»,-деді Бақыт Қырғызәлиев.

Археологиялық қазба жұмыстары халықаралық жоба болғандықтан мұнда Ұлттық музей қызметкерлерімен қатар Испания, Грекия, Германия, Америка елдерінің зерттеушілері, ғылым докторлары бар. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері де белсене атсалысуда. Екі археолог палеолит дәуіріне қатысты докторлық диссертациясын шетелде қорғайды.
ҚР Ұлттық музейі мен Тюбинген университетінің археолог мамандарынан жасақталған экспедиция Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру, зерттеу жұмыстарын Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шығыс Қазақстанда жалғастырады.
Существование 48 000 лет назад было обнаружено в пещере Байдибекского района
Национальным музеем Республики Казахстан при поддержке акимата Байдибекского района был организован пресс-тур в пещеру Туттыбулак в Байдибекском районе Туркестанской области.
В результате раскопок, проведенных в пещере Туттыбулак горы Боралдай в охранной зоне парка государственного регионального природного парка «Сырдария-Туркестан», была обнаружена жизнь 48 000 лет назад. Почва и останки пепла, полученные из пещеры, ранее датировались учеными как 41 000 лет, но в результате лабораторного исследования, проведенного в Германии, была уточнена дата в 48 000 лет. Этот показатель является мировой сенсацией и может быть назван настоящим научным достижением казахстанских археологов. Причина этого в том, что впервые в мире была реализована практика оцифровки возраста почвенных остатков с древних времен. Достижение результатов научного открытия осуществлялось в течение одного года.
Также при археологических раскопках, проведенных в пещере Туттыбулак, были найдены каменные орудия и кость челюсти человека. Челюстная кость могла принадлежать первому человеку.
В результате исследований этого года были обнаружены части человеческого черепа, в том числе зубы и зубы медведя, а также скелетные останки других животных, характерные для первобытного общества.
«Исследовательские работы в пещере Туттыбулак начались в 1959 году. Основоположник археологии каменного века в Казахстане, один из первых казахстанских археологов, ученый Хасан Алпысбаев обнаружил данную пещеру, но не смог провести раскопки один. В 2018 году в рамках проекта «Palaesilkroad» в результате исследований, проведенных в пещере Туттыбулак, были обнаружены останки пепла, каменные орудия труда и челюстная кость человека. Челюстная кость, возможно, принадлежала первому человеку. Кость челюсти в настоящее время идентифицируется в лаборатории в Германии. Глядя на остатки пепла, можно сказать, что в то время здесь жил человек, пользовавшийся очагом и огнем. Это можно назвать мировой сенсацией, так как вчера немецкой лабораторией было подтверждено, что остатки пепла датированы как 48 000 лет. Установлено, что Туттыбулак является древнейшей пещерой Казахстана, где жили первые люди. Известно только это. По мере дальнейшего обучения, возможно, мы достигнем еще более глубоких сенсационных успехов», — сказал Жакен Таймагамбетов.
Доктор Тюбингенского университета в Германии Раду Йовита, участвовавший в ряде экспедиций мирового уровня и совершении научных открытий, говорит, что в последнее время его больше интересует Центральная Азия.
— «Изучение пещер для нас очень важно. Останки людей и животных хорошо сохранились в пещерах. Мы проводим анализ ДНК по образцам, взятым из пещер. Таким образом мы определяем, какие люди там жили. Множество исторических мест спрятаны в пещерах Казахстана. В каждом камне горного хребта Каратау заложена история», — говорит немецкий археолог Раду Йовита.
Научно-исследовательский центр Национального музея Республики Казахстан упорно трудится уже несколько лет. В результате они добились многих научных достижений и открыли дорогу мировым сенсационным новостям.
На основании международного договора, заключенного с Национальным музеем Республики Казахстан и Тюбингенским университетом Германии, с 2017 года в рамках проекта «Palaesilkroad» дополнительный руководитель археологических исследовании, с целью поиска памятников палеолита на территории Казахстана – главный научный сотрудник музея, доктор исторических наук, академик Жакен Таймагамбетов
Следует отметить, что казахстанско-российские, казахстанско-немецкие, казахстанско-японские международные экспедиции под руководством главного научного сотрудника музея, доктора исторических наук, академика Жакена Таймагамбетова, организованные Научно-исследовательским центром Национального музея Республики Казахстан, обнаружили 85 неизвестных ранее пещер эпохи палеолита в хребте Каратау.
Заместитель акима Байдибекского района Бакыт Кыргызалиев выразил уверенность, что в ближайшее время туристический объект района, богатый историческими и святыми местами, пополнится еще одним местом.
— «Не секрет, что в Байдибекском районе такие исторические места, как мавзолеи Байдибек ата, Домалак ана, Косана и пещера Акмешит, представляют особый интерес не только для нашей страны, но и для иностранных туристов со всего мира. Я думаю, он привлечет своих посетителей как место, достойное продвижения. Это дело будущего. Проект музейизации будет реализован после того, как ученые полностью завершат исследовательскую работу и получат многие научные данные», — сказал Бахыт Кыргызалиев.
Поскольку археологические раскопки являются международным проектом, в них участвуют исследователи и доктора наук из Испании, Греции, Германии, Америки, а также сотрудники Национального музея. Также активное участие принимают студенты Казахского национального университета имени аль-Фараби. Два археолога защищают докторские диссертации за границей.
Экспедиция в составе археологов Национального музея РК и Тюбингенского университета продолжит поиски и исследования палеолитических памятников на территории Казахстана в Туркестанской, Жамбылской областях и Восточном Казахстане.