ОРАНҒАЙЛЫҚТАР ОЗЫП ТҰР

Оранғай ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметовтің айтуынша, Оранғай ауылдық округінде орналасқан 3 елді-мекенде – 1427 тұрғын үй бар, халық саны – 8694 адам. Оранғай елді-мекенінде 5356 адам, Бостандық елді-мекенінде 1564 адам, Қосқорған елді-мекенінде 1774 адам тұрады. Барлығы 8694 адам яғни 1427 отбасы бар. Халық саны жылдан- жылға өсіп келеді. Оның ішінде экономикалық тұрғыдан еңбекке жарамды адамдар саны – 3436. Қалғандары: зейнеткерлер – 540, мүгедектер – 320 азамат, жалғыз басты қарттар саны – 2, тыл ардагерлері — 31, «Батыр аналар» – 16, «Алтын алқа» — 142, «Күміс алқа» – 143, Ауған, Семей полигоны ардагерлері және теңестірілгендер саны – 12, 14-29 аралығындағы жастар — 1992. Ауыл округінде 7 ұлттың өкілдері тұрады. қазақ, өзбек, орыс, татар, қырғыз, неміс, тәжік. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің 2021 жылы орындалуын талдау 2021 жылы халық саны 2020 жылмен салыстырғанда 149 адамға артқан 102 пайыз, экономикалық белсенді халық саны және жұмыспен қамтылған халық саны көрсеткіштері 109 пайызға артқан.

БІРЛІГІ ЖАРАСЫП, БЕРЕКЕСІ КІРУДЕ

Оранғайлықтар Түркістан облыс мәртебесін алғалы бері белсенділігін өсіре түскен. Қазір мұнда шағын және орта бизнес өкілдері күн санап көбейіп келеді. Оранғай ауылдық округі бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының ішінде тұрақты жұмыспен айналысып келе жатқандары «Тас жол» ЖШС – асфальт төсеумен айналысады. «Майшай су»ЖШС – қиыршық тастарды құрылысшыларға жеткізіп береді. «Кас-Ай» – ЖШС да қиыршық тастарды асфальт төсеу компаниясына жеткізеді. «Фахри строй бетон», «Досан Ата»- дайын бетон шығарады. Жергілікті бюджеттің салық төлеу базасын құрайтын барлық субъектілерді қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп салық төлеуіне жататын салық базаларының есебі алынды. Соның нәтижесінде құс фирмасы біреу, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін цех біреу, аралас сауда жүргізетін дүкендер саны – 19-ға жеткен. Қоғамдық тамақтандыру орны екеу, дәріхана – 1, халыққа тұрмыстық және техникалық қызмет көрсету орталығы – 3, ағаш шеберханасы – 3, монша – 2, 12 такси жүргізушілер тіркеліп жұмыс жасауда.

ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ — ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ

Кезінде осындай ұранмен жұмыс жасайтын ауылдықтардың қазіргі кезде берекесі кіріп, бірлігі жарасқан. Ауыл тұрғындары негізінен ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Сондықтан ауыл округіндегі негізгі сала да осы. Ауыл округі бойынша жалпы жер көлемі – 47579,00 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 16742,00 гектарға жетеді. Суармалы егістік жерлер – 1872 гектар, тыңайтуға қалдырылған жер – 189,0 гектар, жайылымдық жерлер – 13406,0 гектар, шабындық – 284,0 га;

2021 жылғы – өнімге 338 гектар жерге күздік бидай егіліп, 27 центнер алынды. Жүгері 280,0 гектарға егіліп, 67 центнер өнім алынды. Мақсары 52,5 гектар егіліп, 13 центнер өнім алынды. Мақта 90 гектар жерге егіліп, бүгінгі күнге жиналғаны 40 гектар. Гектар түсімі 25 центнерден айналуда. 2021 жылы жалпы 2760 гектар жерге түрлі дақылдар егілді. 2022 жылғы өнімге 102,0 гектар жерге күзгі бидай егілді. 1650 гектар жер айдалды.

Қазіргі таңда ауыл округі бойынша 169 шаруа қожалығы бар. Ауыл шаруашылығының басты құралы техника болып табылады. Округ бойынша әр түрлі маркалы 49 трактор, 48 жүк автокөлігі, 650 жеңіл автокөліктер бар.

Көктемгі дала жұмыстарына Оранғай ауылдық округі бойынша бөлінген жеңілдетілген жанар-жағар май наурыз айында 47,9 тонна алынды. Күзгі дала жұмыстарына 220 тонна дизель отыны бөлінді.

АУЫЛДЫҢ ТӘРТІБІН ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Мамыр мерекесі қарсаңында Оранғайда 19 адамнан тұратын Қауымдастық құрылды. Оның қатарында Ардагерлер кеңесі, Ақсақалдар алқасы, Әжелер ұйымы, сондай-ақ Оранғай, Қосқорған, Бостандық, Құш атаның беделді кісілері сайланды. Соңғы жылдары Түркістан облыс орталығы мәртебесіне ие болған бойда жердің де пәтердің де бағасы шарықтап өсіп кетті. Осыған орай, жаңадан құрылған Қауымдастықтың алдында қыруар істер тұр. Оның ішіндегі ең маңыздысы – Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары ұстағанның қолында, тістегенің аузында кеткен әлі күнге дейін пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып алып, ауылдастар-дың ортақ пайдаланымына ұсыну.

Оранғай Қауымдастығының төрағасы Балғабай Құлмырзаның айтуынша, осы аумақтағы тұрғындарда 15 мыңға жуық ұсақ мал, 4 мыңнан астам сиыр, 35 бас түйе, 250 жылқы ұстайды. Осынша малды ұстауға жайылымдық жер жетпей, тұрғындардың өрісі тарылып барады.

Жақында оранғайлықтармен кездескен Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков Қарабұлақ ауылы секілді малды қорада ұстап, бағудың тиімді екендігін айтады. Алайда, малдың жем-шөбі күннен күнге қымбаттап бара жатқан кезде малды қорада ұстау қыруар қаржыны талап етеді. Осы орайда аудан әкімі Шорнақтан мың гектар аумақ бөлініп беріліп, қытайлық инвесторлар құнарлы мал азығы (комбикорм) зауытын ашқалы жатқанын, «ол ашылған жағдайда, өз ауданымызға арзанырақ беруді ойластырып жатырмыз» деген болатын.

Қазір бірнеше ауыл суын ішіп отырған Қосқорған су қоймасының сыйымдылығы 37,3 миллион текше метр болғанымен соңғы жылдары ауа райының күрт ысып кетуіне орай, бұл мөлшердегі судың жиналуы қиын болып отыр. Осыған орай, Оранғай ауылдық округі аймағындағы Қосқорған су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірленбек. Оның сыртында ауыл маңынан қиыршық тас шығаратын зауыттар ашылып, құдық суының тартылуына әсер етіп отыр.

Тұрғындардың сұрауымен «Сауран ауданындағы Оранғай ауылдық округі, Бостандық және Қосқорған елді-мекендерін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысына – 43840,343 мың теңге қарастырылып отыр. «Түркістан облысы, Кентау қаласы, Оранғай ауылындағы газ құбырларының құрылысы» нысаны бойынша 31.03.2021 жылғы №КСК-0052/21 сараптаманың оң қорытындысы. Жалпы, сметалық құны – 1819,559 млн. теңге көлемінде белгіленді.

 

ОРАНҒАЙЛЫҚТАР ІСМЕРЛІГІМЕН БЕЙНЕТКЕШТІГІМЕН ТАНЫМАЛ

Кірістер бойынша 1-ші жарты жылдық жоспар 17256,0 мың теңге, орындалғаны 22252,3 мың тенге,129 пайызға жеткізілді. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспар1694,0 мың теңге орындалуы 5606,1 мың теңге, яғны 330,9 пайызға орындалды. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар – 1515,0 мың теңге, орындалғаны – 2599,2 мың теңге 171,6 пайызға, трансферттер мен субвенциялар бойынша жоспар 14047,0 мың теңге, орындалуы 14047,0 мың теңге 100 пайызға орындалды. 2021 жылы 2 жарты жылдық кірістер бойынша 25589,0 мың теңге, орындалғаны — 26483,3 мың теңге 103,5 пайыз. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар — 3087,0 мың теңге, орындалғаны — 3981,3 мың теңге 129,0 пайызға жеткізілді.

1-ші жарты жылдықта шығыс жоспары 19769,0 мың теңге, орындалғаны — 19768,2 мың теңге 2-ші жарты жылдықта жылдық жоспар — 36351,0 мың теңге, орындалғаны  — 36351,0 мың теңге 100 пайыз игерілді, барлығы жылдық жоспарланған 56120, мың теңге толық игерілді.

 

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨРГЕ БАСУДА

Жергілікті бюджеттің салық төлеу базасын құрайтын барлық субьектілерді қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп салық төлеуіне жататын салық базаларының есебі алынды. Мұнда бір құс фермасы болса, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін бір цех бар. Жиырмаға жуық аралас сауда дүкендері қызмет етеді. Үш халыққа тұрмыстық және техникалық қызмет көрсету орталығы бар. Пластикалық құбыр шығаратын шағын цех жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 16742,0 гектар болса, оның 1872,0 гектары суармалы. Жайылым жерлер 13406,0 гектар. Бау бақшаға арналған 991,02 гектар жер бар. Қазіргі таңда оранғайлықтар ауыл шаруашылығы жерлерін тамшылатып суғару және жаңбарлатып суғару және қарқынды бау шаруашылығымен айналысады. Бірқатары бір жазда екі-үш рет бау-бақша өсіруге машықтана бастады.

Мәселен Шамырза Мажитов он гектар алқапта қарқынды бау өсіреді. Қазіргі таңда 22720 дана алма көшеттерін 15 млн 904 мың теңгеге отырғызды. Гулнара Жалилова болса он гектар жерге Гулнара 22720 дана алма көшеттерін 15 млн 904 мың теңгеге отырғызды. «Байкенже» шаруа қожалығы иесі Нұрлан Байкенжеев пен «Аруана» шаруа қожалығының төрағасы Әділхан Қасымбеков мал тұқымын асылдандыруды қолға алды. «Дилмурат» шаруа қожалығының төрағасы Сапидолла Асетов 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, шаруасын дөңгелентіп отыр. Жылыжай шаруашылықтарын меңгеруде.

Шакиржан Исаев, Мухамедамин Ахметов, Маргуба Сайтходжаева, Кемелбай Баймаганбетов, Рустам Дадашов, Абиддин Пахриддинов, Кендебай Баймагамбетов 0,97 гектарды игеріп шаруаларын шалқытып отыр. Гулнара Жалилова мен Шамырза Мажитов он гектар алқаптан алып, тамшылатып суғаруға көшті.

 

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ ТАСҚЫНДАЙ ТҮСУДЕ

Ауыл округі бойынша 169 шаруа қожалығы бар. Ауыл шаруашылығының басты құралы техника болып табылады. Округ бойынша әр түрлі маркалы 49 трактор, 48 жүк автокөлігі, 650 жеңіл автокөліктер бар. Көктемгі дала жұмыстарына Оранғай ауылдық округінен бөлінген жеңілдетілген жанар-жағар май наурыз айында 47,9 тонна алынды. Күзгі дала жұмыстарына 220 тонна дизель отыны бөлінді.

Оранғай ауылдық округі бойынша жалпы мал басы саны артып келеді. Аналық ірі қара малды тұқымдық түрлендіру бойынша ауылдық округте «Байкенже» ШҚ-ның төрағасы Н.Байкенжеев, «Аруана» ШҚ-ның төрағасы А.Қасымбековтер үлкен жетістіктерге жетуде. Мәселен, «Дильмурат» ШҚ-ның төрағасы С.Асетов Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Арман» ШҚ-нан 30 бас асыл еділбай тұқымды қошқарларды сатып алып, бағуда.

Ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 3 мектеп жұмыс істейді, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде қызметкерлер саны – 160, оқушылар саны 1318 оқушыға жетті. М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебінде қызметкерлер саны – 50, оқушылар саны – 348, «Қосқорған жалпы орта мектебінде қызметкерлер саны – 61, оқушылар саны – 358.

Ауылда «Шұғыла» бөбекжай бала бақшасында 32 қызметкер жұмыс істейді, онда 4 топта 100 бала тәрбиеленуде. «Ақ жайық» бала бақшасысында 20 қызметкер жұмыс істейді, 5 топта 125 бала тәрбиеленуде.

 

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕНДЕРГЕ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛУДЕ

Ауылдық округі бойынша атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2021 жылдың 12 айында 132 отбасы құжат қабылдап (96 шартты, 8 шартсыз, жалпы 771 адам) отбасыға 42908452 теңге атаулы көмек тағайындалып, әлеуметтік пакет берілді.

Сауран ауданы арқылы 11 отбасыға жалпы көлемі 471084452 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Төтенше жағдайға байланысты қайырымдылық қоры ұйымдастырылып, Оранғай ауылдық округі бойынша тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларына көмек көрсетілді. Ауылдағы кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға көмектерін аямайды. Мәселен, «Досан Ата» ЖШС басшысы Х.Мудиддинов 8 отбасыға 30000 теңге көлемінде азық-түлікпен көмек берді. Оранғай елді-мекенінің тұрғыны Асанов Алимханның үйінің сыртқы қоршауы «Майшай Су» ЖШС демеушілігімен жөнделді. 10 отбасыға 30,0 мың теңге көлемінде азық-түлікпен көмек берді. «Фахри строй бетон» ЖШС 3 отбасына қатты отын түсіріп берді. «Яссы құс» шаруа қожалығы 100 отбасына 50 тауықтан таратты.

 

ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУДА

Оранғай ауылдық округі бойынша мектептерді қоспағанда 2 кіші футбол алаңы бар. Ай сайын жастар арасында футболдан ауылдық округі чемпионаты ұйымдастырылады. Күрестен Грузия мемлекетінде өткен әлем біріншілігіне Оранғай ауыл тұрғыны Нұрахан Өтепбергенов қатысып, әлем чемпионы атағын ұтып алды. Ауыл жастары дойбыдан республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

 

ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Оранғай ауылдық округінің әкімі Сыздық Пирметовтің айтуынша, таяу болашақта атқарылатын жұмыстар бір ыңғайланды. Оранғай ауылындағы 150 орындық мектептің мердігері анықталып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. 2022 жылы Бостандық елді-мекеніндегі Тоған көшесіне ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарына 35 млн жоба сметалық құжаттары жасақталып, қаржы бөлінді. Мердігер анықталып, жұмыс басталып кетті.

Оның ішінде Оранғай ауылы Түркістан көшесіне, Тәуке хан көшесіне, Темірлан көшелеріне және Бостандық ауылы Құсшы ата көшелеріне жаңадан трансфарматор қою қажеттігі байқалып тұр. Бостандық елді-мекеніндегі Қарашық өзеніндегі көпір салудың мемлекеттік актісі бар. Сметалық жобасын жасауға қаржы бөлінуі тиіс. Бостандық А каналына бетон арық салу жоспарда бар. Қосқорған және Бостандық елді-мекендерінде электр бағаналары ескірген, жаңалау қажет. Мешіт көшесі мен Тоған көшесіне жоба сметалық құжаттары жасақталып мамыр айында қаржы бөлуге ұсынылды. Қазыбеков көшесі мен Мешіт көшесіне жоба сметалық құжаттары жасақталды. Мешіт көшесіне асфальт төсеу жұмыстарына қаржы бөлу экономика бөліміне ұсынылды. Бостандық елді-мекені Мешіт көшесіне асфальт төсеу 30,0 млн теңгеге сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінім берілген. Бостандық ауылына Воркаут, футбол стадионымен қоса салуға жоба сметалық құжаттары жасақталып, биылға салу жоспарлануда.

Оранғай ауыл округінде 2022 жылы 6 айда 21 мерекелік-мәдени іс-шаралар атқарылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арнап, ауылдық округ бойынша жастар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Түркістан облысының Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Оранғай ауылдық округінің тұсынан бейнебақылау орнатылды.

Ескендір ЕРТАЙ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *