
2022 жылғы Бәйдібек ауданы бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы, 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес орындалуда.
2022 жылға арналған аудан бюджеті 24 желтоқсан 2021 жылғы аудандық мәслихат сессиясының № 12/75 шешімімен кірісі мен шығысы 13 815 760,0 мың теңге болып бекітілді.
Аудан бюджеті 6 айдың қорытындысымен 2 рет (3 рет түзету енгізілген) нақтыланды. Бюджет көлемі 15 557 330,0 мың теңгені құраған, яғни, 1 741 570,0 мың теңгеге ұлғайды. Оның ішінде:
— жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 1 171 633 мың теңге;
— әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 1 694 422 мың теңге;
— тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына 3 534 469 мың теңге;
— жоғары тұрған бюджетке қайтарылатын трансферттерге 9 156 806 мың теңге;
— инвестициялық жобаларға 2 174 160,0 мың теңге жоспарланған. Олар:
— газ жүйесінің құрылысына – 93 763,0 мың теңге;
— елді мекендерді абаттандыруға — 50 000,0 мың теңге;
— ауыз су жүйесінің құрылысына – 1 040 065,0 мың теңге;
— «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасына – 279 574,0 мың теңге;
— инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына – 651 528,0 мың теңге;
— спорт объектілерін дамытуға -55 000,0 мың теңге жоспарланған.
Сонымен, аудан бюджеті кіріс бөлігінің жарты жылдық жоспары 8 486 870,0 мың теңге, ал, нақты орындалғаны 8 616 639,3 мың теңге, яғни, жоспардың 101,5 пайызын құрады. Жоспарлы түсімнен 129 769,3 мың теңге артық орындалды.
Жергілікті бюджет (ауыл округін қоса есептегенде) түсімдерінің жоспары (есепті мерзімге) 597 963,0 мың теңге, оның нақты орындалғаны 709 325,8 мың теңге. Жоспар (118,6 пайызға) 111 362,8 мың теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, 2 салық түрінен жоспар орындалмай қалды. Атап айтқанда, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті мерзімге 3 174,0 мың теңге түсуі тиіс болса, нақты түскені 2 356,2 мың теңге болды. Яғни, жоспар 817,8 мың теңгеге кем орындалды (контингентте 1 635,6 мың теңгеге орындалмады). Сонымен бірге, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша да 90 246,0 мың теңге түсуі тиіс болса, нақты түскені есепті мерзімге 88 417,9 мың теңге түсіп, 1 828,1 мың теңгеге кем орындалды.
Ауылдық округтер бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің жарты жылға жоспары 319 900,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 392 818,9 мың теңге болып (жоспардың 122,8 пайызын құрады), жоспарлы түсімнен 72 918,9 мың теңге, өзіндік кірістерінің жоспары есепті мерзімге 20 933,0 мың теңге болса, нақты 93 851,9 мың теңгеге, яғни, жоспар 72 918,9 мың теңгеге 4 есеге артығымен орындалды.
Аудан бюджеті шығыс бөлігінің 6 айға межеленген жоспары 8 486 870 мың теңге болса, нақты игерілгені 8 486 723,3 мың теңге болып (жоспар 100 пайызға) орындалды. Үнем есебінен игерілмеген қаржы көлемі 146,7 мың теңгені құрады. Оның ішінде:
Ауылдық округтар бойынша осы ара-лықта жоспар 319 900,0 мың теңге болса, нақты игерілгені 319 869,0 мың теңге болып (100 пайызға) орындалды. Үнем есебінен 31,0 мың теңге игерілмеді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен және Қазақстан Республикасы-ның Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен, сондай-ақ, облыстық бюджеттен трансферттер бөлініп Сарыбұлақ, Амансай, Жамбыл және Ағыбет, Теректі елді мекендерінде бір-қатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Сарыбұлақ елді мекенінің газ жүйесінің құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, биылғы жылы 72 574,0 мың теңге қаржысы бөлінді.
Амансай елді мекеніндегі газ жүйесінің құрылыс жұмыстары да өткен жылы басталып, биылғы жылы оған да 50 000,0 мың теңге қаржысы бөлінді. Аталған елді мекендерде тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жамбыл елді мекеніндегі Ағабек Айнақожа, Бейбітшілік, Жағалау, Жәнібек Кертайұлы, Абай Құнанбаев, Шохан Уалиханов атындағы көшелерге орта жөндеуге 199 911 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
Ағыбет елді мекеніндегі дене шынық-тыру және сауықтыру кешенінің құрылысына 157 000,0 мың теңге қаржысы бөлі-ніп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жалпы, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен жоспарланған 45000,0 мың теңге толық бөлініп, жоспар 100 пайызға орындалды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппарат-тарының мемлекеттік қызметшілеріне – бір жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылады. Аталған әлеуметтік қолдау шарасын ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
2022 жылға 108 маманға көтерме жәрдемақыға 33 081,0 мың теңге және 72 маманға тұрғын үй сатып алу үшін несиеге 330 804,0 мың теңге қаржы қаралған.
Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысымен 104 маманға көтерме жәрдемақыға 33 025,2 мың теңге бағытталды. Атап айтқанда:
— білім беру саласы бойынша 65 маманға;
— денсаулық сақтау саласы бойынша – 22 маман;
— ветеринария саласы бойынша – 4 маман;
— спорт саласы бойынша – 13 маман; сондай-ақ, 32 маманға (тұрғын үй сатып алу үшін) несиеге 147 024,0 мың теңге қаржы (әлеуметтік қолдау шарасы) ұсынылды. Олар:
— білім беру саласы бойынша – 12 маман;
— денсаулық сақтау саласы бойынша – 9 маман;
— спорт саласы бойынша – 7 маман;
— ветеринария саласы бойынша – 4 маман.
Қаржы саласын дұрыс бағамдап, тиісті қаржыларды үнемдеп, мақсатты жұмсау жолында жүйелі жұмыс істей беретін боламыз.
Мейрамкүл ТҰРЫМБЕКОВА,
аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.