
Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және аудан, қала жастарының қатысуымен,«ZHAS PROJECT» гранттық жобасын өңір жастарына насихаттау және түсіндіру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысы Ерасыл Төлебаев және «Жастарға қызмет көрсету және NEET жастармен жұмыс» бөлімінің инспекторы Камал Айбар, Түркістан қаласының Жастар ресурстық орталығы КММ басшысы міндетін уақытша атқарушы П.Алтенованың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар берілетінін мәлімдеді. Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар мен мүгедектігі бар жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.