Сарыағаш ауданы, Достық елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінбек

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, олардың проблемаларын, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Аудан басшысы мұның алдында болған кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша есеп берді.
Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жол белгілерін орнату, көшелерді асфальттау, тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беру, ауыз су және электрмен қамтамасыз ету туралы өтініштерін жеткізді.
Өз кезегінде, аудан басшысы Достық елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын, жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық мәслихатқа ұсыныс жасалатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, биыл Достық елді мекеніндегі Тәйтелі ата көшесін орташа жөндеуден өткізу мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда жеңімпаз мердігер мекеме анықталған.
Достық елді мекеніндегі №59 жалпы орта мектебі апаттық жағдайда болуына байланысты мұнда жаңадан 300 орынды мектеп ғимаратының құрылысы басталған. Құрылысты «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Мектеп осы оқу жылында пайдалануға берілмек.
Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.
Гүлдана АЙХОДЖАЕВА. Сарыағаш ауданы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *