Шырайлы шаһар –Шорнақ жетіліп келеді

Мемлекет басшысының пәрменімен бір жыл бұрын ғана Сауран
ауданының орталығы мәртебесін алған Шорнақ шаһары Алпамыс
батыр секілді күн санап емес, сағат санап дамып, жетіліп келеді. Бұрын
Фрунзе ауданының орталығы болғандығын қарттар айтып
мақтанғанымен қазіргі тәуелсіз Қазақстанның президенті шешімімен
белгіленген шараның жүзеге асуына әр тұрғын шын ниетімен кірісіп,
еңсесі тіктеліп келеді. Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековтің айтуынша, мұнда барлық
мемлекеттік мекемелер көшіп келіп, орналасып жұмыла іске кірісуде.
Мемлекеттік қызметкерлердің дені жастар болғандықтан жұмыс қарқыны
жоғары. Көңіл күйлері көтеріңкі. Аудан орталығын дамыту жоспары
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей басқаруымен жүзеге
асырылуда. Дегенмен, ол тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындау үшін де
дұрыс маман, басшы таңдалуы тиіс. Өндіріс саласын өзінің бес саусағындай
білетін, елге нағыз жанашыр жан Бердәлі Баймұратов көпшіліктің көп
дауысына ие болып әкім болып сайланған еді. Қазір міне халық та
таңдауының дұрыс жасалғандығына куә болып отыр. Он ұлттың өкілдері тату тәтті өмір сүруде
Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердәлі Баймұратовтың
баяндауынша, кент елді мекеннен құралған. Шорнақ, Қосмезгіл, Аша, РЗД-
32 мекендеріндегі 2176 жанұяларда 10 ұлттың өкілдері қазақ, өзбек, татар,
орыс, қырғыз, башқұрт, ұйғыр, түркімен, кәріс, дұңған 13094 халық тұрады.
Олар Шорнақтың дамуына бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай
бірлесе қызмет атқарады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып,
дәстүрлі мерекелермен, әр ұлттың өзіндік дәстүр-салтын сақтай отырып,
барлығына ортақ жыл басы — Наурыз мерекесінде ұлттық тәтті тағамдарымен
бір-біріне сый-сияпат жасап жатады. Әлеуметтік саланың әлеуеті артуда
Шорнақ ауылдық округінде 2021 жылдың 12 айында мүлік салығы
1541,0 мың теңге болса, жер салығы 350,0 мың теңге, көлік салығы 11676,0
млн теңге, жеке кәсіпкерліктен жеке табыс салығы 400,0 мың теңгеге, ерікті
жарна 200,0 мың теңгеге жетіп, жоспар жүз пайызға орындалды.
Шорнақ ауылдық округі бойынша бір жылда атаулы әлеуметтік көмек
алуға өтініш бергендер саны 250 отбасы болса, оның ішінде учаскелік
комиссияның қорытындысы бойынша 156 отбасы мұқтаж деп танылып,
оларға әлеуметтік көмек тағайындалған. Тағайындалған қаржы көлемі
20 516 990 теңге болды. Қалған 94 отбасының құжаттары толық болмауына
байланысты мұқтаж емес деп құжаттары қайтарылды.
Жүзден астам шаруа қожалығы бар. Шорнақ ауылдық округінің жалпы ауыл шаруашылық жері -51770 гектар. Оның ішінде- суармалысы -4608 гектар, жайылымы -24120 гектар болып
отыр. Шорнақ ауылдық округі бойынша «Сауран ауданы Агроөнеркәсіп
кешенін 2018-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасына сәйкес 2021 жылы
іске асырылған жұмыстары атап өтуге тұрарлық.
Шорнақ ауыл округі бойынша барлығы 101 шаруа қожалығы оның
ішінде іріленген 7 шаруа қожалығы, 3 жауапкерлігі шектеулі серіктестіктер
бар. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған
инвестициялардың нақты көлемінің индексі 900 млн. теңге болса, нақты
орындалғаны 53 млн 900 мың теңгені құрайды.
Шорнақ ауыл округі бойынша 3460 га жерге егіс егу жоспарланса,
3485 га жерге егіс егіліп, 100,7 % орындалды.
Қазір Түркістан облысында өндіріске енгізілген жаңа жоба бойынша, жоспар
бойынша жылына бір алқаптан 2-3 рет өнім алу жобаларын іске асыруға
25 шаруа қожалығы кірісті. 26 ауыл тұрғыны үй іргелік жерлеріне
жылыжайлар салып, қияр, қызанақ, қырыққабат егіп жылына екі үш реттен
өнім алуда. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша жоспар 0,5 га
болса,бүгінгі таңда барлығы- 0,85 гектарға жаңадан жылыжай салып
редиска қияр, қызанақ егіп пайда табу мақсатында еңбек етуде.Ауыл
шаруашылық техникаларын жаңарту жылдық жоспар 10 бірлік болса 12
айда 7 дана жаңа ауыл шаруашылық техникалары алынды.


Кәсіпкерлік керегесі кеңейіп келеді

Шорнақ ауылдық округі күн санап көркейе түсуде. Оның сыртында
аудан орталығы мәртебесіне ие болуы да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Соған байланысты кенттегі кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын көтере
түсуде. Қазіргі таңда Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде
орналасқан заңды 83 жеке кәcіпкерлер бар. Оның ішінде 52 жуығы сауда
нүктелері. Шорнақ ауылдық округі бойынша жалпы құны 280млн тенге
болатын 4 инвестициялық жоба тартылып, жеке кәсіпкерлер қаражатына іске
асырылып жатыр. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер бала-бақша, сауда орны,
қонақ үй, дәріхана ашуға кіріскен. Бүгінгі таңда Қосмезгіл елді мекенінде 120 орынды «Нұр-Жанар» бала-
бақша өз жұмысын атқарып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.
Соның арқасында 120 әйел аналар өздерінің сүйікті кәсіптерімен айналысуда.
Мемлекет басшысының қолдауымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламасы аясында жаңа бастамашылықтарды қолдауға арналған
мемлекеттік грантты 8 азамат жеңіп алды. Аталған азаматтар 200 есептік
айлық көрсеткіш 583400 теңге көлемінде мемлекеттік грант қаржысын алып,
кәсіптерін жүргізуде. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына
тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 20 млн болса, «Сунақ
ата» есімімен жеке кәсіпкер Сирожиддин Шонабаев 30 млн. теңгеге
тамақтану орыны, наубайхана құжаттарын жасауда.

Өңірлерді дамыту – өміршең жоба

Ауыл округінде 2021 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен
Шорнақ ауылдық округі бойынша 39 көшені жөндеуге құжаттары
дайындалды. 32 көшеге жарықтандыру жүргізу үшін сметалық құжаттары
дайындалды. Аша елді мекені бойынша «Таза су»-бағдарламасының 2-ші
кезеңі жүргізілді. Ағымдағы жылы қолданысқа беріледі.
Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратына келген ауыл
тұрғындарының мұқтаждықтарына орай, ауыл әкімінің тарапынан
атқарылған жұмыстарды дені көпшіліктің ойынан шықты.
Атап айтатын болсақ Аша елді мекеніндегі С.Көшербаев көшесіндегі
ойылған көпірге тас төгіліп, елді мекен тұрғындарының өтініштері
қанағатандырылды. Шорнақ ауылдық округі бойынша Қазақстан Теміржолы
торабы астынан өтетін су өткелдері толып шаруалардың шағымдануына
алып келді. Осы мәселені шешу барысында, теміржол қызметкерлерін
жұмылдырып, сенбіліктер өткізу арқылы тазалау жұмыстары жүргізілді.
Шорнақ елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин көшесі бойындағы тұйықтар және
Қосмезгіл елді мекенінің жаңа құрылыс түскен Ш.Уалиханов, Д.Қонаев,
Р.Атабаев көшелеріне ауылдық округ тұрғындарының жолға шағымдануына
байланысты 30 ауыр көліктегі тас төгіліп көшелер біршама ретке келтірілді.
Ауылдық округтегі өзекті мәселелерді зерделеу барысында ауыл
тұрғындарының сұранысы бойынша Арыс-Түркістан каналының бойын
толық аралап, ағын-суды шаруалардың егістігіне толық жеткізу мәселесі
егжей тегжей қаралды. Мәселені толық шешу үшін «Тұран су» мекемесінің
басшыларымен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, көктемгі егіс жұсмыстары
кезеніңде сумен толық қамтамасыз ету туралы уәделері алынды.
Қазіргі таңда су өтетін дүкірлер толық тазаланып су өтетін жүйелері
толығымен дайын. С.Тоймахан, Ы.Алтынсарин көшелерінің бойына тал
егіліп, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратының алдына заманауи
автотұрақты іске қосып,әйелдер мен ерлер әжетханасымен қамтамасыз
етілді.Сонымен қатар аталған аумаққа әрлеу сырлау жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық мәселенің маңызы –қауіпсіздікте

Шорнақ ауыл округінде тұрғындардың қауіпсіздігі ең маңызды
мәселенің бірінен саналады. Мұнда әскери патриоттық жұмыстарды атқару
бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Мәселен өткен жылы әскерге
380 шақырылушы іріктелген. Дәрігерлік сараптамадан 97 шақырылушы
өтті. Облыстық әскери сараптамадан 24 бала өтіп, 12 айда 16 азамат әскер
қатарына жіберілді. Полиция тірегінде бір учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс
атқаруда. Учаскелік инспекторлар бекетінде мемлекет тарапынан салынған
қызметтік үйде учаскелік инспекторлар өздері түзген кезекшілікпен ауысып
тұрады. Рейдтен басқа уақытта жұмыс орнында болады. Тоқсан сайын
мектептердегі оқушылармен кездесу өткізіліп, құқықтық түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп, тығыз байланыста болады. Осындай кешенді
шаралардың нәтижесінде өткен жылы ешқандай қылмыс орын алған жоқ.

Жер халыққа қайтарылуда

Ауылдағы үлкенді-кішілі бас қосулар барысында біршама өзекті
мәселелердің басым бағыттары анықталды. Мәселен, Қосмезгіл елді
мекендеріндегі «Таза су»-бағдарламасының 2-ші кезеңін жүргізу кезек
күттірмейді. Шорнақ ауылдық округіндегі 3 елді мекенді газбен қамтамасыз
ету мәселесі алдан шығып отыр. Бас жоспарға сәйкес, Шорнақ ауылдық
округі бойынша тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым
жүргізу, құжатсыз тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесі шешілуде. Түркістан
магистральдық каналымен келетін ағын су мәселесі. Аша,Қосмезгіл елді
мекендерінің тұрғындары интернет желісінің төмендігіне шағымданып отыр.
Бұл мәселе де басты назарда тұр. Аша елді мекеніне мектеп салу мәселесіне
аудан әкімшілігі де үлес қосуда. Бәрінен бұрын, кезінде заңсыз беріліп кеткен
ауыл төңірегендегі радиусы сегіз шақырымға дейінгі жайылымдық жерлерді
ортақ жайылымға қайтару жұмысы жүргізілуде.
Кезінде талан-таражға түсіп кеткен жайылымдық жерлерді қайтару
мәселесі жүзеге асырылуда. Бған Қауымдастыққа мүше беделді адамдар
кірісуде. Жер бөлімі шешімін шығарып береді. Кәсіпкерлер жайылымдық
жерді тиімді пайдаланып отырса, ол жұмысын жалғастыра береді. Егер де
тиімсіз пайдаланып, иесіздікке ұшыратса, халыққа заңмен қайтарылады.
Әкімнің айтуынша, Шорнақта қырықтан астам қиыршық тас зауыттары
бар. Олардың иелігінде үш мың гектарға жуық жер бар. Қиыршық тас
зауыттары заң аясында жұмыс жасауы тиіс. Жер халықтікі.

Шорнақтың болашағы жарқын

Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген онлайн
конференциясында айтылған жайдың бірі — ауылдық жерлерді биліктің ұмыт
қалдырып, соңғы жылдары тозып, тоқырағандығы. Оны алдағы уақытта
барынша жаңғырту, кешенді дамыту туралы тиісті мекеме басшыларына
тапсырма берілді. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауран
ауданы құрылып, енді орныға бастағанда төте сайлау жолымен Шорнақ
ауылдық округі әкімі болып Бердалы Баймұратов сайланды. Сауран
ауданының орталығы атанған Шорнақ ауылдық округіндегі бір жылда
атқарылған жұмыстарға аудан әкімі Ғани Рысбеков тоқталды.
Аудан орталығы атанған бойда Шорнақта кешенді бағдарлама жасалып
іске кірісті. Әсіресе, көшелерді абаттандыру ғимараттардың қас беттерін
әрлендіруге көңіл бөлініпті. Қысқы уақытта дайындалған кешенді
перспективалық жоспарлар да тек менің ғана емес өзге де жұртшылықтың
ойынан шығып жатқаны белгілі болды. Әкімнің басты міндетінің бірі ауыл
тұрғындарының өтініштеріне сергек қарау. Аудан әкімі ретінде бұл қағиданы
мықтап түсінгендігі байқалды.Аудан әкімі Шорнақтағы атқарылған және таяу болашақта  атқарылуы тиіс мәселелерді мұнынан тізіп, қолмен қойғандай етіп түсіндіріп өтті.
Аудан бойынша 2010 жылғы «Ауыз су» бағдарламасы бойынша елді
мекендердің 99,2 пайызы сумен қамтылған. Алайда, арада 12 жыл өткенде су
проблемасы алыдымыздан қайта шығып отыр. Себебі сол кезде салынған
құбырлар көнерген. 2012 жылы құрылған «Түркістан су» кәсіпорны елден
судың ақысын сұрамады. Банкротқа ұшырап, өзін-өзі жапты. Кентаудағы
«Ащысай су» кәсіпорнында да осы жағдайдың кебін киді. Қазір «Сауран су»
кәсіпорны халықтың өздері тұтынған ауыз суына ақы төлемендігінен 70
миллион теңге мемлекет қарыз. Себебі, «судың да сұрауы бар. Су беруге
қызмет көрсететін кәсіпорынның жабдықтарын жөндеуге, қызметкерлеріне
жалақы төлеуге жұмсалатын ақша жұртшылықтан жиналуы тиіс. Шорнақ,
Аша, Қосмезгіл ауылдарында тәулік бойы ауыз су келіп тұруы тиіс.
Шорнақ толығымен жарықтандырылды. 2023 жылы Аша мен Қосмезгіл
ауылдары толығымен жарықтандырылады. Шорнаққа газ беріліп, тұрғындардың есігінің алдына дейін жткізілді. Аудан орталығында 700 миллион теңгеге асфальт жолдар, аяқжолдар
салынды. Аялдамалар қалыпқа келтірілді. Жолаушылар жолы, халықты ішкі тасымалдау толыққанды қарастырылмаған. Мәселен, Бабайқорған-Шорнақ-Түркістан, Майдантал-
Шорнақ-Түркістан және Аша мен Қосмезгіл арасында автобустар бағдарын
ұйымдастыру таяу арада шешілетін болады. Ол мәселе аудан әкімінің басты
бақылауында тұр. Ашада және Қосмезгілде мектеп салынады
Интернет желісі ТЕЛЕ-2 жүйесіне оптикалық талшықты желімен
қосылады. Қосмегіл маңынан қоныс тепкен ауданның әкімшілік орталығында
кеңселік ғимараттар бой көтереді. Аурухана, әкімшілік, кешенді спорт алаңы,
балаларға арналған воркауттар салынып жатыр. Бір жылда ғана қыруар жұмыстары атқарылған Шорнақ бүгін ауыл болғанымен ертең оның кент, қала болатындығына халық нық сенімді.
-Біз «Жаңа Қазақстанды» құрамыз десек, әрқайсымыз да қайта құрыла
білуіміз керек. Жұртты әлеуметтік желі арқылы шулатудың заманы өтті.
Шорнақтың көп проблемасы айқау-шусыз шешіліп жатыр.Тек бұл жолда
тұрғындарға бірлік керек. Үлкен тәрбие қажет. Ежелгі Сауранның тұрғыны
деген қасиетті атқа ие болатындай мінез қажет. Ол бүгінде қалыптасып,
қайта жаңғырып келеді. Тек соны жадымызда ұстағанымыз абзал»,-деп
қорытындылады сөзін аудан әкімі.
Шорнақтықтар аудан әкімінің еркін форматтағы ешнәрсені жасырмай
сабырлы өткізген салиқалы есебіне ризашылықтарын білдірді.

Ескендір ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *