ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖАТЫР

Қостанай облысындағы өртке байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылғанын хабарлағанбыз. Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылып жатыр. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады.
Бүгіннің өзінде Түркістан қалалық мәслихат депутаттары алғашқылардың бірі болып көмектерін көрсетті. Ақиқат Абдуллаев тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін, ал Нұрсұлтан Жүсіпбаев 1 тонна ұнды қабылдау пунктіне жеткізіп үлгерді. Олар100 жамылғыны
Түркістан қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев ұсынды. Олар қостанайлықтармен осындай қиын сәтте бірге екенін және жағдайдың тез арада тұрақталатынан сенім білдірді. Сондай-ақ Мақтаарал ауданындағы су тасқыны, Арыс қаласындағы апат кезінде елдің әр түкпірінен оның ішінде Қостанай жұртшылығы да игі істен қапы қалмай қолдау білдіргенін атап өтті. Қазіргі таңда
1 тонна ұн,
100 жамылғы,
100 кг макарон,
100 кг күріш және
30 литр пісте май жиналған.
Одан бөлек тұз, қант, шай, сүлгі, әжетхана қағазы секілді өзге де тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар келді.
Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешектер және төсек бұйымдары жинақталады.
Қостанай облысындағы өрттен жапа шеккен тұрғындарға түркістандықтар да көмектесуге ниетті. Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері 1 күндік жалақыларын аударса, кәсіпкерлер де қаржылай көмектерін көрсетуде. Қазіргі таңда жиыны 70 млн.теңге қаржы Қостанай облысына көмек ретінде жиналды.
Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы төтенше жағдай кезінде ел болып қиындықты еңсерген Түркістан жұртшылығы
облыста бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ашты. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты мен Түркістан қалалық «Amanat» партиясының жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының коворкинг орталығы, «Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры штабы, Шымкент қаласындағы облыстық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында қостанайлықтарға берілетін көмек заттары жиналуда.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының аудан-қаладағы филиалдары да көмек көрсетуде белсенділік танытуда.
Сондай-ақ 17 аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» ғимараттарында гуманитарлық көмек жинақталуда.
Қазіргі таңда халыққа аса қажетті заттар:
— Төсек жабдықтары, көрпе-көрпеше, жастық, матрастар;
— Санитарлық жабдықтар;
— Ұзақ уақытқа жарамды консервіленген және жартылай фабрикатталған азық-түлік болып отыр.
4 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша 1 камаз гуманитарлық көмек жөнелтіліп үлгерген.
Ал ертең, қосымша тағы да 20 тонналық 2-3 жүк көлігі гуманитарлық көмек Қостанай облысына жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *