ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Жекеменшік мектеп ашуда Түркістан облысындағы Сайрам ауданы көш бастап тұр. Бүгін Ақсукент ауылында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды.
Сайрам ауданына барған сапарында облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, ағаш көшетін отырғызу рәсіміне қатысты.
Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан 7 айда салынған 7-ші мектеп. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.
– Мектеп тапшылығын шешу үшін биыл облыста 59 жаңа мектеп салынып жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 86 мектеп салынады. Онда 60 мың бала білім алатын болады. Бұдан бөлек, Манкент елді мекенінде, Ақсу, Ақбұлақ ауылдарында 3 жаңа 600 орындық мектептердің құрылысы жоспарлануда, – деді облыс басшысы жергілікті тұрғындармен кездесуінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *