ОТЫРАРДА «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Отырар ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол-көлік оқиғасының және құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында көпфункциялы «Сергек» камералары орнатылды.
Аудан әкімінің сұранысы негізінде «Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау» автожолының бойына «Сергек» автоматты түрде жұмыс атқаратын бейнебақылау камераларын орнату Түркістан облысының полиция департаментімен қаралды (Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А.Сейдуалиевтің атынан 28.06.2022 жылғы №1-5-5-30/3567 санды хаты).
«Көркем Телеком» ЖШС, Түркістан облыстық полиция департаменті және Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы арасында түзілген меморандум аясында Отырар ауданы аумағындағы жол-көлік оқиғасы көптеп тіркелген 3 орынға бейнебақылау камералары қойылды.
Камералар орнатылған орындар:
1. Шәуілдір ауылы. Жібек жолы даңғылы мен Ж.Шәймерденов көшесінің қиылысы. «Есен ана» мешітінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолы.
Жылдамдық — 40 км/сағат.
Координатасы: 42.7866838, 68.3848594
2. Шәуілдір ауылы. Жібек жолы даңғылы. «Оқсыз» спорт кешенінің маңы.
Жылдамдық — 60 км/сағат
Координатасы: 42.8010598, 68.4065726
3. Темір ауылы. Жібек жолы даңғылы «Ғалия» азық-түлік дүкені мен «Алмас» АЖБ маңы.
Жылдамдық — 60 км/сағат
Координатасы — 42.8155332, 68.4282418.
Алынған камераларды құжаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 21 қазаннан бастап іске қосу жоспарлануда. «Сергек» камераларының іске қосылғаны туралы мәлімет қосымша хабарланатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *