БИЫЛ САЙРАМ АУДАНЫНДА 4000 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сайрамдық тұрғындар көтерген ұсыныстардың орындалу барысын баяндады.
– Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі Сайрамның әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Ауылдарды дамытуға басымдық беріледі, – деді облыс басшысы есептік кездесуінде.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Сайрам ауданындағы 7 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда. Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған.
Алты ауылда орталықтандырылған газбен қамту бойынша 4 жоба жоба жүзеге асырылуда. Аудандық маңызы бар 6 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған.
Биыл ауданда мемлекеттік қолдауымен 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.
Сайрамдықтармен еркін пікір алмасып, өтініштер мен сұрақтарға жауап берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық мәселенің заң аясында жүзеге асатынын атап өтті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *