
Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасына сәйкес және «Балалар» жылы аясында Майылыкент ауылдық округіне қарасты, “Күншуақ” мөлтек ауданына заманауи балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Игі шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Спабекова және ауыл әкімі Қ.Ахметов тұрғындарды жаңа нысандарымен құттықтады. Қазіргі таңда жаңа нысанда заманауи ойын элементтері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабынды төселді. Сонымен қатар, әткеншектер, құмсалғыш, және түрлі ойын элементтері орнатылды.
Балалар алаңшасы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға зор мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындары игі шараға мұрындық болған жандарға ризашылығын жеткізді.
Айта кетерлі, аудан әкімі Нұрлан Байғұт тың округ тұрғындары алдындағы есептік кездесуде көтерілген бұл мәселе көп ұзамай өз шешімін тапты.