КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ ІШКІ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

Келес ауданындағы ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Нақтырақ айтсақ, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы Алтыбаев көшесінің 2 шақырымына орта жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек аталған елді мекенге «Кселл» және «Билайн» операторлары өз базалық станциясын орнату жұмыстары да атқарылуда.
— Биыл жалпы аудан аумағында ұзындығы 126,1 шақырымды құрайтын 70 көшеге асфальт және шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлағанбыз. Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстарымыздың төрттен үш бөлігін аяқтадық. Битум тапшылығы болуына қарамастан жеңімпаз мердігерлердің жұмыстарын уақытында аяқтауына қадағалау жүргізудеміз, — дейді аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Алмас Абдуллаев.
Айта кетейік, аудан аумағында жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1172,3 шақырымды құрап,оның ішінде республикалық маңызы бар 77,6 шақырым, облыстық маңызы бар 261,1 шақырым, аудандық маңызы бар 122,5 шақырым және елді мекендерде 711,1 шақырымды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *