Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сыныптарға құжат қабылдау жалғасуда!

7 просмотров

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қабылдау комиссиясына құжат тапсыру науқаны жалғасуда!

Өткізілетін құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысу үшін өтініш және сауалнама. Сауалнама алдын ала толтырылады және қабылдау комиссиясына басқа құжаттармен бірге ұсынылады.

📄Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖCH-і, (бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі) заңды өкілдің (ата-ана) ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

📄Үміткердің 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

📄Үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

📄Көрсетілген барлық құжаттар қазақ бөліміндегі сыныптарға көк, орыс бөліміндегі сыныптарға қызыл пластикалық 10 беттік файлға салынады.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз.

Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты trk.nis.edu.kz сайтының «Брондау» бөлімінен көруге болады.

Құжат қабылдау 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады.

📅Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі-Жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін
Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін
Түскі үзіліс уақыты:12.00-13.00-ге дейін

Құжат қабылдау мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылыс нысаны

☎️Байланыс телефоны: +7 702 066 33 77

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.