ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА БАЛАҒАТТАҒАНДАРҒА 69 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Қоғамдық жерде балағат сөз айтқан қазақстандықтар 69 мың теңге айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке қамауға алынады. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтілгенін мәлім етті.

—  Қазіргі кезде мұндай құқықбұзушылық үшін соттың шешімімен 5 АЕК (17 250 теңге) көлеміндегі айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылады. Ал жаңа редакция бойынша айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) болады, — деді Азамат Құрымбаев.

Ал қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін көбеймек.

Айта кетейік, түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап 60 күн өткен соң, яғни 2023 жылдың наурыз айының басынан бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *